21 қаңтар 2022 12:46

Тоқаев шағын және орта бизнеске қатысты қатаң карантин шектеулерін қайта қарауды тапсырды

Дина Шарипханова Корреспондент
Фото Tengrinews.kz/Тұрар Қазанғапов

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев шағын және орта бизнеске қатысты қатаң карантин шектеулерін қайта қарауды тапсырды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев шағын және орта бизнеске қатысты қатаң карантин шектеулерін қайта қарауды тапсырды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Мұндай жағдайда шағын және орта бизнеске қатысты қатаң карантин шараларын, әсіресе қызмет көрсету саласында, шектеу қаншалықты ұтымды, олар қаншалықты нәтижелі? Үкіметке айтарым, бұны қайта қарау керек. Бұл жағдайда ШОБ-ты тұншықтырып, экономикада теңсіздік жасау не керек?", - деді Мемлекет басшысы Нұр-Сұлтандағы бизнес өкілдерімен кездесуде.

Бұған дейін Президент Қасым-Жомарт Тоқаев бизнестің бір қолға шоғырлануы мемлекет үшін қауіпті үрдіс екенін айтқан болатын.

Реклама
Реклама

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram