Тоқаев шахтерлердің қазасына байланысты ҚХР Төрағасына көңіл айту жеделхатын жолдады

Тоқаев шахтерлердің қазасына байланысты ҚХР Төрағасына көңіл айту жеделхатын жолдады Ақорданың баспасөз қызметінің фотосы

Қасым-Жомарт Тоқаев ҚХР Төрағасы Си Цзиньпинге және бүкіл Қытай халқына кеншілердің қазасына байланысты көңіл айту жеделхатын жолдады, деп хабарлайды Tengrinews.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

" Қасым-Жомарт Тоқаев Қытай Халық Республикасының Шаньси өлкесіндегі көмір шахтасында болған газ жарылысы салдарынан көптеген адамның қаза табуына байланысты Си Цзиньпинге және барша Қытай халқына көңіл айтты", - делінген Ақорданың хабарламасында.

Президент сондай-ақ зардап шеккендердің тезірек сауығып кетуіне тілектестік білдірді.

Жарнама
Жарнама

Еске сала кетейік, Қытайдың солтүстігіндегі Шаньси провинциясында көмір шахтасында газ жарылып, салдарынан 90 адам қаза тапты.

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
Жолдау
Пікірлер редакция тарапынан модерациядан өтеді
Пікірлерді оқу

Жарнама
Жарнама