Тоқаев шенеуніктердің жауапсыздығы туралы мәлімдеді: Мыңдаған адам жылусыз қалды

Дина Шарипханова Корреспондент
Тоқаев шенеуніктердің жауапсыздығы туралы мәлімдеді: Мыңдаған адам жылусыз қалды Фото:t.me/KZgovernment

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев жылумен қамту мәселесін шешудегі шенеуніктердің жауапсыздығы туралы айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев жылумен қамту мәселесін шешудегі шенеуніктердің жауапсыздығы туралы айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Үкіметтің кеңейтілген отырысында Мемлекет басшысы ауыл мен қала ауқымында шешіле беретін тұрмыстық мәселелерді Үкімет деңгейінде қарауға мәжбүрлік туралы айтты.

"Өйткені осы саладағы төтенше оқиғалар тым көп болып кетті. Петропавлда, Теміртауда, Степногорскіде, Балқашта, Қарағандыда, Ақтөбеде және Риддерде апаттар болды. Бірақ соның ешқайсысынан әкімдер мен министрлер, ең бастысы, меншік иелері тиісті қорытынды жасаған жоқ. Ал жақында Екібастұзда болған төтенше жағдай бұл саладағы ахуалдың қаншалықты күрделі екенін айқын көрсетті.

Қызметкерлердің жауапсыздығы, бақылау жүйесінің қауқарсыздығы мыңдаған адамды жылусыз қалдырды. Жауапты қызметкерлер қысты қалыпты режимде, аман-есен өткіземіз деп есеп берген. Бірақ іс жүзінде жағдайдың қалай болып жатқанын көріп отырсыздар", - деді Тоқаев.

Жарнама
Жарнама

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Автор сұрағы
Жолдау
Пікірлер редакция тарапынан модерациядан өтеді
Пікірлерді оқу

Жарнама
Жарнама