21 шілде 2022 15:59

Тоқаев Шолпан-Атада Мұхтар Әуезовтің бюстін ашты

Дина Шарипханова Корреспондент
Фото: Ақорда

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Мұхтар Әуезовтің Шолпан-Ата қаласындағы музей-үйіне барды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Мұхтар Әуезовтің Шолпан-Ата қаласындағы музей-үйіне барды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Президент музей-үйде Мұхтар Әуезовтің бюстін ашты және құрметті қонақтар кітабына қолтаңба қалдырды.

Реклама
Реклама

Мұхтар Әуезовтің Шолпан-Атадағы үйі 1959 жылы салынған. Қазақтың ұлы жазушысы бұл үйде 1959-1961 жылдары тұрып, жұмыс істеген, сондай-ақ өзінің "Өскен өркен" атты соңғы романын жазуды бастаған. Бірақ аяқтап үлгермеді.

"1970 жылы қыркүйекте мұнда Мұхтар Әуезовтің кітапхана-музейінің ресми ашылу рәсімі өтті. Қазіргі уақытта музейде жазушының жеке заттары: үстел, орындықтар, тербелмелі кресло, үстел сағаты, киім ілгіш, кітап шкафы, кітаптар сақталған. Жазушының қызы Ләйлә Мұхтарқызының бастамасымен кітапханаға алғашқы 5000 дана кітап жиналды. Қазір кітапханадағы кітап қоры – шамамен 12000", - делінген хабарламада.

Кітапхана-музейде семинарлар, оқу конференциялары, кездесулер өткізіліп тұрады.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram