ПОДЕЛИТЬСЯ
- Басты
- 11 сәуір 2025 16:29
Тоқаев Шымкенттегі жаңа тұрғын үйлерді аралап көрді
"Ақжайық" шағын ауданындағы тұрғын үй кешеніне барып көрді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.
Бұл жерде жыл соңына дейін 35 көппәтерлі тұрғын үй бой көтермек.
Баспаналар әлеуметтік тұрғыдан аз қамтылған азаматтарға беріледі, сондай-ақ мемлекеттік ипотека бағдарламалары арқылы сатылады.
Сонымен қатар Қасым-Жомарт Тоқаевқа ескі үйлерді бұзу жұмыстары жөнінде баяндалды.
Реновация бағдарламасы аясында бүгінге дейін 248 отбасы апат алдындағы үйлерден жаңа баспаналарға көшірілген. 2029 жылға қарай бұл көрсеткішті 604-ке дейін жеткізу көзделіп отыр.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
Пікірлер редакция тарапынан модерациядан өтеді
Пікірлерді оқу