Тоқаев ШЫҰ бас хатшысы Нұрлан Ермекбаевты қабылдады

Дина Шарипханова Корреспондент
Фото: Ақорда

Мемлекет басшысы Шанхай ынтымақтастық ұйымының бас хатшысы Нұрлан Ермекбаевты қабылдады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.

Мемлекет басшысы Шанхай ынтымақтастық ұйымының бас хатшысы Нұрлан Ермекбаевты қабылдады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.

Кездесуде ШЫҰ аясындағы ықпалдастықты одан әрі дамыту перспективасы талқыланды.

Қасым-Жомарт Тоқаевтың айтуынша, Қазақстан ШЫҰ-ның тиімді әрі теңгерімді халықаралық ұйым ретіндегі рөлін нығайтуға баса мән береді. Бұл қазіргі әлемдік саясаттағы сын-қатерлерге жедел үн қатуға ықпал етеді.

Реклама
Реклама

Президент Қытайдың ШЫҰ-ға төрағалығын жоғары бағалап, Ұйым тетіктерін жетілдіруге қолдау көрсететінін айтты.

Бұдан бөлек, Қазақстанның Ұйым аясында ұсынған басты бастамаларын іске асыру жолдары қаралды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Автор сұрағы
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама