ПОДЕЛИТЬСЯ
17 қыркүйек 2021 | 13:44
Тоқаев ШЫҰ елдерінде вакцинация паспортын тануды жеделдетуге шақырды
Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев ШЫҰ елдерінде вакцинация паспортын өзара мойындауды жеделдету туралы айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев ШЫҰ елдерінде вакцинация паспортын өзара мойындауды жеделдету туралы айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
"Коронавирусқа қарсы күрес күн тәртібіміздегі өзекті тақырыптардың бірі болып қала береді. Пандемияның ең қиын кезеңінде ШЫҰ бойынша әріптестер өзара гуманитарлық көмек көрсете отырып, шын мәнінде Шанхай ынтымақтастық рухын көрсетті. Пандемияға қарсы күресте түбегейлі өзгеріс халықты жаппай иммундауға келісілген тәсіл болған жағдайда ғана мүмкін. Сондықтан, БҰҰ терминологиясын қолдана отырып, ешкімді артта қалдыра алмаймыз. Бұл мәселеде Қазақстанның ұсынары бар", - деді Тоқаев Шанхай ынтымақтастық ұйымы мемлекет басшылары кеңесінің саммитінде.
Оның айтуынша, коронавирусқа қарсы QazVac вакцинасы тексеруден өткеннен кейін, гуманитарлық көмек ретінде көрші елдерге жеткізілген.
"Клиникалық зерттеулер оның тиімділігін дәлелдеді және дәрі-дәрмекті гуманитарлық көмек ретінде көрші елдерге жеткізе бастадық. Тағы екі қазақстандық препарат: NARUVAX C-19 және NARUVAX C-19/nano COVID-19-ға қарсы вакцина-үміткер ретінде ДДСҰ тізіліміне енгізілді.
ШЫҰ мемлекеттерінде вакцинация паспорттарын өзара тану рәсімін жеделдету, олардың көпжақты жүйелерге интеграциялануы елдеріміз тап болған қиындықтар мен сын-тегеуріндерді еңсеруге ықпал ететініне сенімдімін", - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.
Шанхай ынтымақтастық ұйымы - 2001 жылы Қытай, Ресей, Қазақстан, Тәжікстан, Қырғызстан және Өзбекстан көшбасшылары құрған халықаралық ұйым.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также