ПОДЕЛИТЬСЯ
04 шілде 2024 | 12:05
Тоқаев: ШЫҰ халықаралық қатынастар жүйесінің маңызды тетігіне айналды
Шанхай ынтымақтастық ұйымы (ШЫҰ) халықаралық қатынастар жүйесінің маңызды тетігіне айналды. Бұл туралы Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Астанада ШЫҰ саммитінің ашылуында сөйлеген сөзінде айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Ширек ғасырға жуық уақыт ішінде біздің ұйым халықаралық қатынастар жүйесінің маңызды тетігіне айналды және тұрақты өсу мен жалпы прогресті қамтамасыз етуге елеулі үлес қосып жатыр. Саясат пен қауіпсіздік, экономика және мәдениет салаларындағы жемісті өзара іс-қимыл: біздің елдеріміз бүкіл Еуразиялық континенттің даму векторын белгіледі. Бірлескен күш-жігердің арқасында ШЫҰ-ны ең ықпалды және беделді халықаралық құрылымдардың біріне айналдырдық", - деді Мемлекет басшысы.
Еске салайық, 3-4 шілдеде Астанада Қазақстанның төрағалығымен ШЫҰ саммиті өтіп жатыр.
Қазақстан ШЫҰ-ға 2023 жылдың шілдесінен бастап төрағалық етеді. Астана саммитінен кейін ұйымға төрағалық ету Қытайға беріледі.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также