25 қаңтар 2022 | 15:38

Тоқаев Си Цзиньпин мен Орталық Азия елдері президенттерін елордаға шақырды

Дина Шарипханова Корреспондент
Фото:akorda.kz

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қытай басшысы Си Цзиньпинді және Қырғызстан, Түрікменстан және Өзбекстан президенттерін Нұр-Сұлтанға шақырды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қытай басшысы Си Цзиньпинді және Қырғызстан, Түрікменстан және Өзбекстан президенттерін Нұр-Сұлтанға шақырды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қытай мен Орталық Азия елдері арасындағы дипломатиялық қарым-қатынастардың орнатылғанына 30 жыл толуына арналған саммитте сөз сөйледі. Шараға ҚХР төрағасы Си Цзиньпин, Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиеев, Қырғызстан президенті Садыр Жапаров және Тәжікстан президенті Эмомали Рахмон онлайн режимде қатысып жатыр.

"Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары жөніндегі кеңестің маңызды мүмкіндіктеріне назар аударғым келеді. Осы форумның қазіргі төрағасы ретінде Қазақстан АӨСШК тиімділігін арттыру бойынша жүйелі шаралар қабылдап жатыр. Кездесуді Азиядағы қауіпсіздік пен даму ұйымына айналдыру ағымдағы сын-қатерлер мен қауіп-қатерлерге қарсы тұрудағы ұжымдық күш-жігерімізді сапалы жаңа деңгейге көтерер еді. Әріптестерге осы бастаманы қолдағаны үшін алғыс айтып, биыл күзде Қазақстан астанасында өтетін мерейтойлық саммитке қатысуға шақырамын",  деді Тоқаев.

Реклама
Реклама

Іс-шараның қорытындысы бойынша дипломатиялық қатынастардың орнағанына 30 жыл толуына орай бірлескен мәлімдеме қабылданады.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная