Тоқаев Си Цзиньпинді тарихи ауқымдағы біртуар көшбасшы деп атады

Тоқаев Си Цзиньпинді тарихи ауқымдағы біртуар көшбасшы деп атады Фото: Ақорданың баспасөз қызметі

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Си Цзиньпин тарихи ауқымдағы біртуар көшбасшы екенін айтты. Бұл туралы Мемлекет басшысы Дүниежүзілік жасанды интеллект конференциясында мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.

Президент қазіргі Қытайдың даму стратегиясын айқындаған Си Цзиньпиннің көшбасшылық қасиеттеріне айрықша назар аударды.

"Біздің елде Си Төрағаны тарихи ауқымдағы біртуар көшбасшы деп есептейді. Оның парасатты әрі орнықты басшылығымен Қытай елі осынау дүрбелеңге толы, болжаусыз әрі қақтығыстардан көз ашпаған әлемде жаңа табыстарға батыл қадам басып келеді", – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Жарнама
Жарнама

Президенттің сөзінше, Қытай 2029 жылы қазан айында Қытай Халық Республикасының құрылғанына 80 жыл толуын атап өтеді.

"Сексен жыл – бір адамның тұтас ғұмыры, ал Қытай оның жартысын саяси және экономикалық дүрбелеңдердің зиянды салдарымен күресуге сарп етті. Небәрі 40 жыл ішінде қарқынды дамыған Қытай зор табысқа жетіп, кедейлікті толық еңсерді және сан салалы экономикасы бар, әсіресе, жоғары технологиялар бойынша көш бастаған әлемдік державаға айналды. Бұл – Қытай Коммунистік партиясы мен оның білікті де бірегей жетекшісі, Төраға Си Цзиньпиннің еңбегі", – деді Президент.

Бұған дейін Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Дүниежүзілік жасанды интеллект конференциясының ашылу рәсіміне қатысқаны хабарланған болатын. Шанхайда өтіп жатқан дәстүрлі жиын биыл "Жарқын болашақ үшін жасанды интеллект саласындағы серіктестік" тақырыбына арналып отыр.

Мемлекет басшысы бұл конференция Қытайдың жасанды интеллект саласындағы айтулы жетістіктерін айқын көрсететінін атап өтті.

Келешектің келбетін серіктесе әрекет ететіндер айқындайды – Тоқаев Шанхайдағы ЖИ жөніндегі конференцияда

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
Жолдау
Пікірлер редакция тарапынан модерациядан өтеді
Пікірлерді оқу

Жарнама
Жарнама