ПОДЕЛИТЬСЯ
- Басты
- 15 шілде 2026 18:36
Тоқаев Си Цзиньпиннің шақыруымен Шанхайға барды
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ҚХР Төрағасы Си Цзиньпиннің шақыруымен Шанхайға жұмыс сапарымен барды, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақорда баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Ертең, 16 шілдеде Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қытай Халық Республикасының Төрағасы Си Цзиньпинмен келіссөз жүргізеді.
Бұдан бөлек, қытай компанияларының жетекшілерімен дөңгелек үстел өтеді.
17 шілдеде Президент Дүниежүзілік жасанды интеллект конференциясына (WAIC) қатысады.
Жиын "Жарқын болашақ үшін жасанды интеллект саласындағы серіктестік" тақырыбына арналып отыр.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
Пікірлер редакция тарапынан модерациядан өтеді
Пікірлерді оқу