11 шілде 2020 | 19:05

Тоқаев "СҚ-Фармацияға" қатысты мүдделес топтар туралы айтты

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев "СҚ-Фармацияға" қатысты мүдделес топтар туралы айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев "СҚ-Фармацияға" қатысты мүдделес топтар туралы айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Үкіметтің кеңейтілген отырысында Мемлекет басшысы денсаулық сақтау министрінің есебін тыңдады. Кейін Қазақстан Президенті Денсаулық сақтау министрі Алексей Цойға үндеу жасады.

Реклама
Реклама

"Біз қазір тек коронавирустың өзіне емес, сонымен қатар ілеспе ауруларға да, пневмонияға күш салуымыз керек. Көзді жұмуға немесе бұл мәселені көлеңкеге қалдыруға тырысуға мүлде болмайды. Адамдар қаза табуда. Қатты ауырып жатыр", - деді Тоқаев.

Осыған байланысты менде "СҚ-Фармация" бойынша сұрақ - бұл қандай ұйым, онда кімдер жұмыс істейді және неге олар әрдайым бізді ыңғайсыз жағдайда қалдырады? Мен соңғы 15 жыл бойы осы ұйым туралы естимін. Бәрі сонда жұмыс істегісі келеді, ұйым айналасындағы қандай да бір мүдделес топтар және тағы басқасы. Енді не істемексіздер?" - деп сұрады Тоқаев Денсаулық сақтау министрінен.

Денсаулық сақтау министрі "СҚ-Фармация" ЖШС негізінен медициналық препараттарды мемлекеттік сегментке жеткізумен айналысады деп жауап берді.

"Олар ауруханалар мен емханаларды орталықтандырылған жабдықтаумен айналысады. Бұл жеткізілетін тапсырыстар бізде цифрланған, барлық келісім-шарттар электрон форматта жасалады. Үнемдеу әсері айқын. Бұл зауыттардан тікелей сатып алатын компания, ол арқылы отандық тауар өндірушілерді қолдау бағдарламасы, яғни 10 жылға бекітілген оффтейк-келісімшарттар іске асырылып жүр. Осының арқасында фарм-өнеркәсіп премьер-министр баяндамасының қорытындысы бойынша қазір 22 пайызға өсті", - деді Цой.

Министрдің жауабын тыңдап, Тоқаев премьер-министрге "бұл мәселемен айналысуды" тапсырды.

"Мұның бәрін білеміз. Бірақ компания өз жұмысын қалай атқарады? Міне, мәселе қайда. Менің Шпекбаевқа (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы) тапсырмам бар: бұл ұйымды сыбайлас жемқорлық тәуекелдері тұрғысынан қарау керек. Ақыр соңында, анықтау керек", - деп тапсырды Президент.

Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан Өзбекстан, БАӘ, Катар және басқа елдерден гуманитарлық көмек алып жатқанын айтты.

"Бірақ мұндай ақпаратты есту де ыңғайсыз. Осыншама мемлекеттен дәрі-дәрмектермен гуманитарлық көмек аламыз. Бізде өзімізде ештеңе жоқ болып шығады. Тұтас бір ұйым мемлекеттік ұйымдар бойынша дәрілік заттарды таратумен айналысады. Онда отырған адам көп, жалақы алады және аз емес. Мұның бәрі неге керек? Анықтаңдаршы", - деп тапсырды Тоқаев.

"Түсінікті", - деді Шпекбаев.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная