Мемлекет басшысы Словения Президенті Наташа Пирц-Мусарға құттықтау жеделхатын жолдады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтме жасап.
Қасым-Жомарт Тоқаев Наташа Пирц-Мусарды Словенияның ұлттық мерекесі – Мемлекеттілік күнімен құттықтады.
"Астана мен Любляна арасындағы саяси диалогтың, экономикалық және мәдени ынтымақтастықтың аясы жылдан-жылға кеңейіп жатқанын ризашылықпен атап өтемін. Сіздің биылғы көктемде Астанаға жасаған ресми сапарыңыздың қорытындыларын жоғары бағалаймын. Біз қол жеткізген уағдаластықтар қазақ-словен сан қырлы ықпалдастығын жаңа деңгейге көтереді деп сенемін", – делінген жеделхатта.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!