ПОДЕЛИТЬСЯ
25 маусым 2024 | 12:36
Тоқаев Словения президентіне жеделхат жолдады
Қасым-Жомарт Тоқаев президент Наташа Пирц Мусарды Словенияның Ұлттық күнімен құттықтады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Қасым-Жомарт Тоқаев президент Наташа Пирц Мусарды Словенияның Ұлттық күнімен құттықтады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Словенияның Ұлттық күніне орай Президент Наташа Пирц Мусарға құттықтау жеделхатын жолдады.
"Қазақстан мен Словения арасындағы дәстүрлі достық пен өзара қолдауға негізделген ынтымақтастық жылдан-жылға нығайып келе жатқаны ерекше қуантады. Болашақта да сан қырлы қазақ-словен ықпалдастығы халықтарымыздың игілігі үшін қарқынды дами беретініне зор үміт артамын", – деп жазылған жеделхатта.
Осы мүмкіндікті пайдалана отырып, Мемлекет басшысы Словения Президентіне және оның халқына бақ-береке тіледі.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также