Тоқаев соттардың ең басты құндылықтарын айтты

Фото:akorda.kz

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Жоғарғы сот төрағасы Жақып Асановты қабылдады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақорда сайтына сілтеме жасап.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Жоғарғы сот төрағасы Жақып Асановты қабылдады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақорда сайтына сілтеме жасап.

Мемлекет басшысына алдағы сот реформасының негізгі бағыттары, әкімшілік әділет механизмін енгізуге дайындық жұмыстары, сондай-ақ, сот өндірісінде қолданылатын ІТ әзірлемелер жайында баяндалды.

Жақып Асанов сот жүйесін 2021 жылдың шілде айынан бастап күшіне енетін жаңа Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексіне дайындау барысы туралы айтты.

Реклама
Реклама

Қасым-Жомарт Тоқаев әрбір сот заң үстемдігін қамтамасыз етудегі өзінің рөлін терең түсінуі керек екеніне баса мән берді. Мемлекет басшысының пікірінше, бұл азаматтардың құқығы мен еркіндігін қорғау, қолайлы инвестициялық климат қалыптастыру, кәсіпкерлікті және тұтас экономиканы дамыту бойынша маңызды міндет.

Қазақстан Президенті соттардың кәсібилігі мен адалдығы ең басты құндылық болуы керек екенін атап өтті. Себебі алдағы уақытта іске асатын реформаның табысты болуы осыған тікелей байланысты.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news20
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама