ПОДЕЛИТЬСЯ
09 мамыр 2020 | 12:54
Тоқаев: Су ресурстарын әділ пайдалану мәселесі Өзбекстанмен шешіледі
Су ресурстарын әділ пайдалану мәселесі Өзбекстан тарапымен тығыз байланыста шешіледі. Бұл туралы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Twitter-де жазды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Түркістан облысы, Мақтаарал ауданының су тасқынынан зардап шеккен тұрғындары жаңа немесе жөндеуден өткен баспанамен қамтамасыз етіледі. Олардың әрқайсысына республикалық бюджеттен 100 мың теңге беріледі. Жағдай бақылауда", - деп жазды Президент.
Ол сонымен қатар, су ресурстарын тиімді әрі әділ пайдалану мәселесі өзбек тарапымен тығыз байланыста шешілетінін мәлімдеді.
Еске салайық, 6 мамырда Мақтаарал ауданындағы су тасқынынан зардап шеккен ауылдардың әрбір тұрғынына 100 мың теңгеден төленетіні мәлім болған.
Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл!
Показать комментарии
Читайте также