10 мамыр 2019 14:27

Тоқаев: тағы 231 қазақстандық Сириядан эвакуацияланды

Дина Муратова Редактор

ПОДЕЛИТЬСЯ

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев 231 қазақстандықтың Сириядан эвакуацияланғаны туралы мәлімдеме жасады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәлиге сілтеме жасап.


Президент Қасым-Жомарт Тоқаев 231 қазақстандықтың Сириядан эвакуацияланғаны туралы мәлімдеме жасады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәлиге сілтеме жасап.

"Менің тапсырмам бойынша 7 және 9 мамыр күндері Сириядан 231 Қазақстан азаматы елге жеткізілді, оның 156-сы балалар, дені мектеп жасына дейінгілер, соның ішінде 18-і – жетім балалар. Бұл ауқымды гуманитарлық акция – Тұңғыш Президент –Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың тапсырмасымен биыл қаңтар айында жүргізілген «Жусан» операциясының жалғасы болды", - делінген Президенттің мәлімдемесінде.

Тоқаевтың айтуынша, Мемлекеттік органдар мен үкіметтік емес ұйымдар елімізге қайтарылған азаматтармен оңалту шараларын жүргізді. Оларға медициналық, психологиялық және әлеуметтік көмек көрсетілді.

"Қазірдің өзінде аталған жұмыстың оң нәтиже беріп отырғаны туралы айтуға болады. Биыл қаңтар айында елге оралған әйелдер бұрынғы радикалдық өмірінен бас тартты, жұмысқа орналасты, туыстарымен қайта байланыс орнатты. Балалары мектепке, балабақшаға барды. Қақтығыс аймақтарына шыққан Қазақстан азаматтары мұндай ойсыз қадамға террористердің теріс, шын мәнінде, жалған үгіт-насихатының ықпалымен барды. Бүгінде олар жаңа өмір бастау үшін өз еркімен Қазақстанға оралуда. Олардың жасаған қателігі үшін балалары өзге елде қиналып, зардап шекпеуі тиіс", - деді Президент мәлімдемесінде.

Президенттің сөзінше, Қазақстан терроризммен күрес жүргізу, сондай-ақ қиын жағдайда қалған азаматтарына қол ұшын созу міндеттемелерінен бас тартпайды. Гуманитарлық акция жалғаса береді. Еліміз өз азаматтарымыздың тағдырына ешқашан бей-жай қарамайды.

"Аталған гуманитарлық операцияға қатысқан Сыртқы істер министрлігінің, Ұлттық қауіпсіздік комитетінің және басқа да мемлекеттік органдардың қызметкерлеріне және шетелдік серіктестерге алғысымды білдіремін", - деді Тоқаев.

Айта кетейік, 2019 жылдың басында Қазақстанның Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстанның 47 азаматын Сириядан эвакуациялау жөніндегі гуманитарлық шараның аяқталуына байланысты мәлімдеме жасаған.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 441.41   490.7   4.75 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети