ПОДЕЛИТЬСЯ
04 мамыр 2023 | 13:58
Тоқаев Тәжікстан президентін "Алтын Қыран" орденімен марапаттады
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Тәжікстан президенті Эмомали Рахмонды "Алтын Қыран" орденімен марапаттады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Тәжікстан президенті Эмомали Рахмонды "Алтын Қыран" орденімен марапаттады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан мен Тәжікстанның бауырлас халықтары арасындағы достықты, өзара түсіністік пен ынтымақтастықты нығайтуға Эмомали Рахмонның қосқан орасан зор үлесін атап өтті.
"Біз әрдайым барлық деңгейдегі тығыз және сенімді саяси диалогты қолдаймыз. Елдеріміз арасында берік шарттық-құқықтық база қалыптасты. Сауда-экономикалық ынтымақтастық қарқынды дамып, мәдени-гуманитарлық байланыстардың аясы ұдайы кеңейіп келеді. Біз Орталық Азиядағы жан-жақты ынтымақтастықты нығайтуға үлес қоса отырып, аса маңызды халықаралық құрылымдар аясында өзара табысты әрекет етіп келеміз. Бүгінде мемлекетаралық байланыстарымыздың одақтастық қатынас деңгейіне көтерілгені қуантады. Бұл Сіздің екі ел арасында үлгілі қарым-қатынас қалыптастыруға ерекше атсалысқаныңыздың нәтижесінде мүмкін болды", – деді Мемлекет басшысы.
"Құрметті Қасым-Жомарт Кемелұлы, мені "Алтын Қыран" орденімен марапаттау жөнінде шешім қабылдағаныңыз үшін Сізге алғыс айтамын. Бұл награда, ең алдымен, бүкіл Тәжікстан халқының тәжік-қазақ қатынастарын, достығы мен ынтымақтастығын дамытуға және нығайтуға қосқан үлесі үшін берілген жоғары баға деп білемін. Бауырлас халықтарымыздың игілігі үшін Тәжікстан мен Қазақстан арасындағы стратегиялық серіктестікті жан-жақты нығайтуға және кеңейтуге алдағы уақытта да бар күш-жігерімізді салатынымызға сенімдімін", - деді Эмомали Рахмон.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также