Қасым-Жомарт Тоқаев Душанбе қаласына сапармен барды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.
Президентті халықаралық әуежайда Тәжікстан Премьер-министрі Кохир Расулзода қарсы алды.
Бүгін Мемлекет басшысы Тәжікстан Президенті Эмомали Рахмонмен кездесу өткізеді және "Орталық Азия – Ресей" саммитіне қатысады.
Ертең Қазақстан Президентінің ТМД мемлекеттер басшыларының кеңесі отырысына қатысуы жоспарланған.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!