03 маусым 2024 | 13:30

Тоқаев тәлібтердің террорлық ұйымдар тізімінен шығарылуына қатысты пікір білдірді

Фото:depositphotos.com / truba71.gmail.com

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ҰҚШҰ елдері парламенттері палаталарының спикерлерімен кездесуінде Ауғанстандағы жағдайға айрықша тоқталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ҰҚШҰ елдері парламенттері палаталарының спикерлерімен кездесуінде Ауғанстандағы жағдайға айрықша тоқталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.

Президенттің пікірінше, қазіргі кезеңдегі стратегиялық міндеттердің бірі – Ауғанстанды өңіраралық байланыстарға белсенді тарту.

"Қазақстан тәлібтер режимін террорлық ұйымдар тізімінен алып тастады. Өйткені қазіргі Ауғанстанмен сауда-экономикалық ынтымақтастықты дамыту маңызды әрі бүгінгі режим ұзақмерзімді фактор болады деп ойлаймыз", – деді Мемлекет басшысы.

Реклама
Реклама

Президент бұл мәселеде ҰҚШҰ-ға мүше елдердің өзара келісілген ұстанымы болуы керек екеніне назар аударып, Алматыда Орталық Азия мен Ауғанстан үшін Орнықты даму мақсаттары жөніндегі аймақтық орталық құру туралы Қазақстанның бастамасын қолдауға шақырды.

Қасым-Жомарт Тоқаев қазіргі заманның сын-қатерлеріне қарсы әрекет ету жүйесін жетілдіру қажет екенін ескере отырып, ҰҚШҰ күш-жігерін ұйым жарғысына сәйкес мүше-мемлекеттер үшін барынша өзекті әрі тиісті жұмыс бағыттарына жұмылдыруды ұсынды. Қазақстан аталған міндеттерді Ұйымға төрағалық ету кезеңінде басым бағыт ретінде белгіледі.

Атап айтқанда, Президент терррорлық қауіп-қатермен күресу және ҰҚШҰ-ға мүше елдер азаматтарының қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін пәрменді шаралар қабылдау қажет деп санайды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная