20 қазан 2022 | 14:47

Тоқаев Талдықорғанда ашылған тігін фабрикасы жұмысымен танысты

Дина Шарипханова Корреспондент
Фото: t.me/bort_01

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Талдықорған қаласында биыл маусым айында ашылған "Айсұлу" Жетісу тігін фабрикасы" ЖШС жұмысымен танысты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақорда сайтына сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Талдықорған қаласында биыл маусым айында ашылған "Айсұлу" Жетісу тігін фабрикасы" ЖШС жұмысымен танысты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақорда сайтына сілтеме жасап.

Фабрика халықтың әлеуметтік осал топтарына жататын азаматтарды көптеп жұмысқа алған. Атап айтқанда, 26 көп балалы ана, 36 жалғызбасты ана, 11 мүмкіндігі шектеулі азамат қызмет етеді.

Реклама
Реклама

Фабрика басшысы Президентке өндіріс орнында қауіпсіз еңбек жағдайлары жасалғанын және қызметкерлерге үш мезгіл тегін тамақ берілетінін, жұмысшыларды тасымалдау үшін тиісті көлік қарастырылғанын баяндады. Заманауи тігін жабдықтарына ие кәсіпорын бүгінде бір рет қолданылатын медициналық бұйымдар (бетперде, халат, комбинезон) және арнаулы киім формаларын тігеді.

Қасым-Жомарт Тоқаев фабриканың өңірде шағын және орта бизнесті дамытуға үлгі болатынын айтты. Президент фабриканың жұмысын жоғары бағалап, өңірде шағын және орта бизнесті дамытуға үлес қоса беруіне тілектестік білдірді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная