Тоқаев: Тарифті өсіруден түскен қаржы тек коммуналдық инфрақұрылымды жаңғыртуға жұмсалуы керек

Гүлнара Досымшалова Корреспондент
Тоқаев: Тарифті өсіруден түскен қаржы тек коммуналдық инфрақұрылымды жаңғыртуға жұмсалуы керек

Қасым-Жомарт Тоқаев тарифті өсіруден түскен қосымша қаржы тек мемлекеттік инфрақұрылымды жаңғыртуға бағыттау керектігін айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Қасым-Жомарт Тоқаев тарифті өсіруден түскен қосымша қаржы тек мемлекеттік инфрақұрылымды жаңғыртуға бағыттау керектігін айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Тарифті өсіруден түскен қосымша қаржы тек қана коммуналдық инфрақұрылымды жаңғыртуға жұмсалуы керек. Сондай-ақ жаңа қуат көздерін іске қосуға және жұмысшылардың жалақысын көтеруге бағытталуы қажет.

Монополистердің міндеттері мұқият нақтыланып, толығымен орындалуға тиіс. Сондықтан Үкіметке қаржының жұмсалуын бақылайтын қатаң амал-тәсілдер енгізуді тапсырамын. Оған цифрлық бақылау жүйесін де енгізу керек.

Жұрт коммуналдық қызмет үшін төлеген ақшасы қайда кетіп жатқанын көріп отыруға тиіс. Қазіргі заманғы ақпараттық технология бұған толық мүмкіндік береді", - деді Мемлекет басшысы.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Жарнама
Жарнама
Tengrinews
Автор сұрағы
Жолдау
Пікірлер редакция тарапынан модерациядан өтеді
Пікірлерді оқу

Жарнама
Жарнама