Тәуелсіздік сарайында Кипр президентін қарсы алу рәсімі өтті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордағы сілтеме жасап.
Тәуелсіздік сарайында елімізге ресми сапармен келген Кипр Республикасының Президентін ресми қарсы алу рәсімі өтті.
Іс-шара аясында Қасым-Жомарт Тоқаев пен Никос Христодулидис бір біріне ресми делегация мүшелерін таныстырды.
Құрмет қарауылы ротасының бастығы рапорт берген соң Қазақстан мен Кипрдің әнұрандары шырқалды.
Еске салайық, бұған дейін 2-4 маусым күндері Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың шақыруымен Кипр Республикасының президенті Никос Христодулидис Қазақстанға ресми сапармен келетіні хабарланған болатын.
3 маусымда өтетін келіссөздер барысында президенттер сауда-экономикалық, инвестициялық және мәдени-гуманитарлық байланыстарға басымдық беретін екіжақты ынтымақтастықты кеңейту перспективасын талқылайды.
Сондай-ақ бірқатар құжатқа қол қою жоспарланған.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!