Тоқаев Таяу Шығыстағы бітімге келу туралы келісімді құптайды

Тоқаев Таяу Шығыстағы бітімге келу туралы келісімді құптайды Ақорданың баспасөз қызметінің фотосы

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Пәкістан Премьер-министрі Шахбаз Шариф пен Пәкістан Қарулы күштерінің бас қолбасшысы, фельдмаршал Асим Мунирдің араағайындығы арқылы Таяу Шығыстағы соғысты толық тоқтату және бітімге келу туралы келісімге қол жеткізілуін құптайды, деп хабарлайды Tengrinews.kz Ақордаға сілтеме жасап.

Бұл туралы Мемлекет басшысының кеңесшісі – баспасөз хатшысы Айбек Смадияров Telegram-арнасында мәлімдеді.

"Бұл келісім АҚШ Президенті Дональд Трамптың және Иранның жоғарғы басшылығының, сондай-ақ әскери қақтығысқа қатысқан елдердің ізгі ниеті мен парасаттылығының арқасында мүмкін болды.

Мемлекет басшысы әлемдік сауданың дамуына және барлық мемлекеттің экономикалық өркендеуіне жағдай жасау мақсатында қол жеткізілген бітімгершілік келісімнің ұзақ мерзімді сипатқа ие болатынына үміт білдірді", - деп түсіндірді Смадияров.

Реклама
Реклама

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама