Тоқаев ТМД мемлекеттері басшылары кеңесінің отырысына қатысады

Тоқаев ТМД мемлекеттері басшылары кеңесінің отырысына қатысады Сурет: akorda

Бүгін Қасым-Жомарт Тоқаев ТМД мемлекеттері басшылары кеңесінің отырысына қатысады. Бұл туралы Мемлекет басшысының баспасөз хатшысы Берік Уәли мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Бүгін Қасым-Жомарт Тоқаев ТМД мемлекеттері басшылары кеңесінің отырысына қатысады. Бұл туралы Мемлекет басшысының баспасөз хатшысы Берік Уәли мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Бүгін, Нұр-Сұлтан қаласының уақыты бойынша сағат 14:10-да Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев ТМД мемлекеттері басшылары кеңесінің отырысына қатысады. Видео конференция режимінде өтетін іс-шараға Әзербайжан, Армения, Беларусь, Қырғызстан, Молдова, Ресей, Тәжікстан, Түрікменстан, Өзбекстан Президенттері қатысады деп жоспарланған", - деп жазды Берік Уәли өзінің Facebook-тегі парақшасында.

Ақпарат бойынша, жиын барысында мемлекеттер басшылары ТМД және ұйымды одан әрі дамыту тұжырымдамасы, оны іске асыру жөніндегі негізгі іс-шаралар жоспары, сондай-ақ, ТМД елдері Парламентаралық ынтымақтастықты арттыру және нығайту жайында пікір алмасады.

Реклама
Реклама

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама