Тоқаев Трампты туған күнімен құттықтады

Тоқаев және Трамп Ақорда баспасөз қызметінің фотосы

Мемлекет басшысы АҚШ президенті Дональд Трампқа құттықтау жеделхатын жолдады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.

Мемлекет басшысы АҚШ президенті Дональд Трампқа құттықтау жеделхатын жолдады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.

Қасым-Жомарт Тоқаев Америка Құрама Штаттарының президентін туған күнімен құттықтады.

Мемлекет басшысы жеделхатта еліміз Құрама Штаттармен кеңейтілген стратегиялық серіктестікті одан әрі нығайтуға бейіл екенін атап өтті. Сонымен қатар, жоғары деңгейдегі саяси диалогқа және екі ел арасындағы сауда-экономикалық, инвестициялық ынтымақтастықтың даму қарқынына тоқталды.

Жарнама
Жарнама

Президент Қазақстанның бейбітшілікті сақтау, өзара түсіністік пен орнықты даму бастамаларын ілгерілету бағытындағы бірлескен жұмысты жалғастыруға әзірлігін растады.

Қасым-Жомарт Тоқаев Дональд Трампқа бақ-береке және АҚШ халқының игілігі жолындағы жауапты мемлекеттік қызметіне табыс тіледі.

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
Жолдау
Пікірлер редакция тарапынан модерациядан өтеді
Пікірлерді оқу

Жарнама
Жарнама