Тоқаев туған күнін тойлаудан тағы бас тартты

Тоқаев туған күнін тойлаудан тағы бас тартты Фото: Ақорда

17 мамыр – Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың туған күні. Мемлекет басшысы бұл күнді қалай өткізуді жоспарлап отыр? Tengrinews.kz тілшісі білді.

17 мамыр – Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың туған күні. Мемлекет басшысы бұл күнді қалай өткізуді жоспарлап отыр? Tengrinews.kz тілшісі білді.

Президенттің кеңесшісі әрі баспасөз хатшысы Берік Уәлидің айтуынша, Қасым-Жомарт Тоқаев үшін бұл қарапайым жұмыс күні. Ол жұмыста болады. Бұл датаға байланысты ешқандай іс-шара жоспарланбаған, әкімшілік қызметкерлерінен құттықтаудан бас тарту сұралған.

Еске салайық, Мемлекет басшысы өткен жылдары да осындай ұстанымды ұстанған болатын.

Жарнама
Жарнама

"Президенттің принципті ұстанымы. Оның отбасында балалардың да, ата-анасының да туған күнін тойлау әдетке айналмаған", – деп түсіндірді Берік Уәли.

17 мамырда Қасым-Жомарт Тоқаев 71 жасқа толады.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
Жолдау
Пікірлер редакция тарапынан модерациядан өтеді
Пікірлерді оқу

Жарнама
Жарнама