17 маусым 2021 | 19:32

Тоқаев тұрғын үйлерді газбен қамти алмай отырған үш әкімдікті сынады

Фото: elements.envato.com

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев газ саласын дамыту жөніндегі кеңесте тұрғын үйлерді газбен қамти алмай отырған әкімдіктерді сынады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев газ саласын дамыту жөніндегі кеңесте тұрғын үйлерді газбен қамти алмай отырған әкімдіктерді сынады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.

Президент өз сөзінде Қазақстанды газдандыру ісіне ерекше көңіл бөлді. Еліміз бойынша газдандыру деңгейі 53 пайыздан асты. Алты өңір 90 пайыздан астам көлемде газбен қамтамасыз етілген. Бұл ретте, Мемлекет басшысы елорданы, Қарағанды және Ақмола облыстарын газбен қамтамасыз ету мерзімінің кешіктіріліп жатқанын атап өтті.

"Сарыарқа" магистральді газ құбыры 2019 жылы уақытылы пайдалануға берілген. Бүкіл елімізге ортақ бұл әлеуметтік маңызы бар жоба экологиялық жағдайды жақсартуға және тұрғындардың тұрмыс сапасын арттыруға бағытталған. Әкімдіктердің салғырттығынан тұрғын үйлерді газбен қамтамасыз етудің белгіленген мерзімдері кейінге шегерілуде. Сондықтан Үкіметке нақты мерзімін, индикаторлар мен жауапты тұлғаларды көрсете отырып, аталған өңірлерді газбен қамтамасыз ету жоспарын жандандыруды тапсырамын", - деді Президент.

Реклама
Реклама

Қасым-Жомарт Тоқаев еліміздің солтүстік өңірін, атап айтқанда, Ақмола және Солтүстік Қазақстан облыстарын газбен толық қамтамасыз ету мәселесі ерекше көңіл бөлуді қажет етеді деп санайды. Газбен қамтамасыз ету аталған өңірлердің кәсіпорындарының қарқынды дамуына, бизнес жүргізу және өмір сүру тартымдылығын арттыруға септігін тигізеді.

"Бұл - мемлекеттік маңызы бар мәселе. Оны шешудің екі жолы бар. Атап айтқанда "Сарыарқа" магистральді газ құбырын ұзарту немесе ресейлік газ тасымалдау жүйесіне қосылу. Аталған екі тәсілдің де өз кемшіліктері мен артықшылықтары бар. Үкіметке өңірлердің әкімдерімен бірлесе отырып, жуық арада таңдау жасауы қажет", - деді Президент.

Көмірсутегін сапалы өңдеу - мұнай-газ секторын дамытудың басым бағыттарының бірі. Мемлекет басшысы құрылысы он жылдан астам уақыт бойы жүргізіліп келе жатқан біріктірілген газ-химия кешенінің әлі күнге дейін бітпегенін сынға алды. Президенттің айтуынша, жоғары бәсекелестік жағдайында нарық талаптарына тұтастай сай келетін оңтайлы тәсілдерді пысықтаған жөн. Үкіметке кешенді инвестициялық ұсыныс әзірлеу тапсырылды.

"Мұнай-газ химиясы сөз болғанда, әдетте, екі өнім, яғни полиэтилен және полипропилен туралы ғана айтамыз. Өнім түрін көбейту керек. Нарықтағы сұраныс аталған материалдармен ғана шектелмейді. Мұнай-газ химиясы бойынша ішкі және сыртқы нарықтарға бағытталған өнеркәсіптік және тұрмыстық дайын заттардың базалық өнімін өңдеу жөніндегі кәсіпорындар ашу қажет. Жоғарыда айтылғандарды ескере отырып, Үкімет дайын өнімді әртараптандыруға басымдық беру арқылы саланы одан әрі дамыту тұжырымдамасын әзірлеуі қажет", - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная