Тоқаев туризм және спорт министрін қабылдады

Дина Шарипханова Корреспондент
Тоқаев туризм және спорт министрін қабылдады

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев туризм және спорт министрі Ермек Маржықпаевты қабылдады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев туризм және спорт министрі Ермек Маржықпаевты қабылдады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Қасым-Жомарт Тоқаевқа министрліктің қазіргі қызметі мен алдағы кезеңге арналған жоспары туралы баяндалды. Мемлекет басшысына Қытайда өткен Азия және Паразия ойындарының қорытындысы бойынша жүргізілген сараптама нәтижелері жөнінде есеп берілді.

Президент саланы дамытудың жаңа тәсілдерін әзірлеу үшін сапалы әрі кезең-кезеңімен жұмыс жүргізуді тапсырды. Сонымен қатар, Мемлекет басшысына министрлікке қарасты салалардағы заңнамалық базаны жетілдіру, еліміздің туристік әлеуетін одан әрі дамыту жөнінде мәлімет берілді.

Жарнама
Жарнама

Қасым-Жомарт Тоқаев министрлікке бұл бағыттар бойынша нақты міндеттер жүктеді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Автор сұрағы
Жолдау
Пікірлер редакция тарапынан модерациядан өтеді
Пікірлерді оқу

Жарнама
Жарнама