Тоқаев "Түркі әлемі" брендін дәріптеуге шақырды

Дина Шарипханова Корреспондент
Фото: Ақорда

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев "Түркі әлемі" атты жаңа брендті дәріптеуге шақырды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев "Түркі әлемі" атты жаңа брендті дәріптеуге шақырды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.

"Түркі жұрты Байкалдан Балқанға дейінгі ұлан-ғайыр аумақты жайлап жатыр. Түркі әлемінің өркениеті Ұлы даладан бастау алатыны баршаға мәлім. Осы ортақ құндылықтарымыздың мұрагері – Түркі мемлекеттері ұйымы.

Қазақстан Түркі мемлекеттері ұйымын одан әрі дамытуға мүдделі. Түркі ықпалдастығын тереңдету – ортақ мұрат. Біз "Түркі әлемі" атты жаңа брендті дәріптеуіміз керек. Сонда ғана түркі халықтарының ынтымағы барынша нығайып, әлеуеті арта түседі.

Қазақстан ұйымға төраға ретінде өзара іс-қимылды жандандыруға баса мән беріп отыр. Сондай-ақ біз түрлі саладағы байланысты орнықтыруға, халықаралық беделімізді көтеруге күш саламыз", - деді Мемлекет басшысы.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Реклама
Реклама
Tengrinews
Автор сұрағы
news135
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная