11 мамыр 2022 14:19

Тоқаев түрік бизнесмендерімен кездесті

Гүлнара Досымшалова Корреспондент
Фото:akorda.kz

Мемлекет басшысы Түркияның бірқатар кәсіпкерімен жеке-жеке кездесті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақорда сайтына сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Мемлекет басшысы Түркияның бірқатар кәсіпкерімен жеке-жеке кездесті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақорда сайтына сілтеме жасап.

Олардың арасында "Yildirim Holding" президенті Роберт Юксель Йылдырым, "TAV Havalimanları Holding" басқарма мүшесі Сани Шенер, "Goknur Gida" басқарма төрағасы Осман Асланали, "Sembol" компаниясының басқарма мүшесі Феттах Таминдже және "Koç Holding" компаниясының басқарма мүшесі Али Коч бар.

Кездесулерде түрік бизнесмендерінің Қазақстандағы жобалары мен алдағы уақытта іске асырылатын бастамалары туралы сөз болды. Аталған іскер топтардың елімізге салынған инвестициялары химия, ауыл шаруашылығы, құрылыс салаларын қамтиды.

Реклама
Реклама

Мемлекет басшысы олардың елімізге салған инвестицияларына қолдау көрсетілетінін айтты.

 

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram