11 қараша 2022 | 12:24

Тоқаев түркі елдеріне цифрландыру орталығын құруды ұсынды

Гүлнара Досымшалова Корреспондент

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Түркі мемлекеттері ұйымына мүше елдерді IT саласында белсенді ынтымақтастыққа шақырды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Түркі мемлекеттері ұйымына мүше елдерді IT саласында белсенді ынтымақтастыққа шақырды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Тоқаев ұйымның саммитінде сөйлеген сөзінде қазіргі геосаяси жағдайда елдер бір-бірінен технология тұрғысынан оқшауланып бара жатқанын атап өтті. Қазақстан Президентінің айтуынша, түркі елдерінің цифрлық дамуға ықпал ететін ІТ саласындағы соңғы жаңалықтарына жіті назар аудару керек.

Ол жуырда Астанада "Digital Bridge" атты халықаралық іс-шара өткенін айтты. Онда ІТ-саласында жұмыс істейтін креативті жастар бас қосып, бастамалары мен озық идеяларын ұсынатынын түсіндірді.

Реклама
Реклама

"Осы ретте, мен Астана хаб халықаралық технопаркі негізінде Түркі мемлекеттері ұйымының Цифрландыру орталығын құруды ұсынамын. Бұл құрылым сауда, көлік, су ресурстары, ақпараттық қауіпсіздік және басқа да салаларға қажетті цифрлық шешімдер әзірлеуге мүмкіндік береді.

Оған қол жеткізу үшін Түркі елдерінің Венчурлық қорын құрған жөн деп санаймын. Сол арқылы маңызды старт-ап жобаларға инвестиция тартуға жол ашылады", - деді Тоқаев.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная