ПОДЕЛИТЬСЯ
12 қараша 2021 | 16:13
Тоқаев Түркі кеңесі хатшылығы кеңсесінің ашылуына қатысты
Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Ыстамбұлда Түркітілдес мемлекеттер ынтымақтастық кеңесі хатшылығының жаңа кеңсесінің ашылу салтанатына қатысты. Бұл туралы Мемлекет басшысының баспасөз хатшысы Берік Уәли Facebook желісінде жазды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Әзірбайжан, Қырғызстан, Түркия, Өзбекстан, Түрікменстан президенттерімен және Мажарстан премьер-министрімен бірге Түркітілдес мемлекеттердің ынтымақтастық кеңесі хатшылығының жаңа кеңсесінің салтанатты ашылу рәсіміне қатысты", - деп жазды Берік Уәли.
Салтанатты рәсім аяқталғаннан кейін мемлекеттер басшылары Түркі кеңесінің VIII саммитіне қатысу үшін Ыстамбұлдың оңтүстік-шығысында орналасқан Демократия және бостандық аралына бет алған. Саммит Нұр-Сұлтан уақытымен 17:30-да басталады.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также