25 мамыр 2019 09:51

Тоқаев Түркия Республикасының Сыртқы істер министрін қабылдады

© akorda.kz

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Түркия Республикасының Сыртқы істер министрі Мевлют Чавушоглуды қабылдады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақорда сайтына сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Түркия Республикасының Сыртқы істер министрі Мевлют Чавушоглуды қабылдады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақорда сайтына сілтеме жасап.

Кездесу барысында Мемлекет басшысы қазақ-түрік қатынастарының достық, өзара түсіністік пен ынтымақтастық рухында қарқынды дамып келе жатқанын атап өтті.

Реклама
Реклама

"Тарихи тамыры терең қатынастарымыз өте жақсы. Қазақстанның Тұңғыш Президенті - Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев қарым-қатынасты нығайтуға өзінің зор үлесін қосты. Бүгінде елдеріміз арасындағы тауар айналымы 2 миллиард долларға жуықтады. Қазақстан нарығында көптеген түрік компаниялары табысты еңбек етуде. Халықаралық күн тәртібіндегі ауқымды мәселелерге, атап айтқанда көпжақты ұйымдар аясындағы өзара іс-қимылдарға қатысты пікірлеріміз ортақ", - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Мевлют Чавушоглу Қазақстан Президентіне алғыс айтып, екі ел арасындағы стратегиялық серіктестіктің конструктивті сипатын атап өтті.

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram