22 қазан 2021 15:25

Тоқаев Түрікменстанға мемлекеттік сапармен барады

Дина Шарипханова Корреспондент

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев президент Гурбангулы Бердымухамедовтің шақыруы бойынша 24-25 қазанда Түрікменстанға мемлекеттік сапармен барады. Бұл туралы Мемлекет басшысының баспасөз хатшысы Берік Уәли мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Оның айтуынша, сапар барысында екі ел басшысы шағын және кеңейтілген құрамда келіссөздер жүргізеді деп жоспарланған.

"Келіссөздерде сауда-экономикалық, көлік-транзиттік және мәдени-гуманитарлық салалардағы Қазақстан мен Түрікменстанның стратегиялық серіктестігін нығайтудың перспективалары қарастырылмақ.

Сонымен қатар, өңірлік күн тәртібіндегі өзекті мәселелер жөнінде пікірлер ортаға салынады. Сапар қорытындысы бойынша бірқатар екіжақты құжатқа қол қойылады деп күтіледі", - деп жазды Берік Уәли

Реклама
Реклама

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram