ПОДЕЛИТЬСЯ
- Басты
- 10 қазан 2024 11:14
Тоқаев Түрікменстанға ресми сапармен барды
Мемлекет басшысы Түрікменстанға ресми сапармен келді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.
Ашхабад әуежайында Қасым-Жомарт Тоқаевты түрікмен халқының көшбасшысы Гурбангулы Бердімұхамедов қарсы алды.
Сапар аясында Қасым-Жомарт Тоқаев пен Сердар Бердімұхамедов келіссөз жүргізеді.
Сондай-ақ, Президент Ашхабадтағы Абай Құнанбайұлының ескерткішін ашып, "Дәуірлер мен өркениеттер байланысы – бейбітшілік пен дамудың негізі" атты халықаралық форумға қатысады.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
Пікірлер редакция тарапынан модерациядан өтеді
Пікірлерді оқу