ПОДЕЛИТЬСЯ
20 тамыз 2020 | 11:52
Тоқаев Түркістан облысына барды
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Түркістан облысына жұмыс сапарымен барды. Бұл туралы Президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли Facebook желісіндегі парақшасында жазды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Президент сапар барысында Мақтаарал ауданына барып, Сардоба су қоймасында болған апаттың салдарын жою жұмыстарымен, зардап шеккен азаматтар үшін салынған тұрғын үйлердің құрылысымен танысып, тұрғындармен кездеседі.
"Бұдан кейін Арыс қаласына барады. Онда былтыр жарылыс болған әскери бөлімді қайта қалпына келтіру жұмысымен танысып, тұрғындар үшін жаңадан салынған және жөнделген үйлерді, қайта қалпына келтірілген темір жол вокзалын аралап көреді.
Қазақстан Президенті жұмыс сапарының соңында Түркістан қаласына барып, Қожа Ахмет Яссауи кесенесіндегі жөндеу жұмыстарын көріп, "Сапар орталығының" қызметімен танысып, жаңадан салынған "Жібек жолы" саябағын аралайды", - деп жазды Берік Уәли.
Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл!
Показать комментарии
Читайте также