22 қаңтар 2024 16:23

Тоқаев тұрмыстық зорлық-зомбылық үшін жазаны қатаңдату туралы: Түзетулер жақын арада қабылданады

Фото. Ақорда

Мемлекет басшысы Ішкі істер министрлігінің кеңейтілген алқа отырысын өткізді. Президент Тоқаев тұрмыстық зорлық-зомбылық үшін жазаны қатаңдатуды қолдайтынын айтып, жақын арада Қылмыстық кодекске өзгерістер енгізілетінін айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Мемлекет басшысы Ішкі істер министрлігінің кеңейтілген алқа отырысын өткізді. Президент Тоқаев тұрмыстық зорлық-зомбылық үшін жазаны қатаңдатуды қолдайтынын айтып, жақын арада Қылмыстық кодекске өзгерістер енгізілетінін айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Қасым-Жомарт Тоқаевтің айтуынша, бұл жерде алдын алу жұмыстарының маңызы жедел әрекет ету және әділ жазасын беру ісінен кем емес.

"Өздеріңізге мәлім, бұған дейін мұндай қылмыстар үшін жауапкершілікті күшейтуді қолдайтынымды айтқан едім. Қылмыстық кодекске енгізілген тиісті түзетулер жақын арада қабылданады. Ішкі істер министрлігі өз қызметкерлерін жаңа жұмыс тәсіліне көшуге алдын ала дайындауы керек. Құқық қолдану тәжірибесіндегі бұған дейін болған барлық мәселені ескеру қажет. Бұдан бөлек, кәмелетке толмаған азаматтардың құқығын қорғау жүйесін жаңғырту – өте өзекті мәселе. Үкімет азаматтық қоғам институттары мен сарапшыларды тарта отырып, бұл жұмысқа мұқият қарауы керек", – деді Мемлекет басшысы.

Реклама
Реклама

Президенттің айтуынша, полицияның сервистік моделінің негізгі қағидаттарын іс жүзінде жүзеге асыру қажет. Бұл, ең алдымен, қоғамның талап-тілегіне құлақ асып, шұғыл әрекет ете білу деген сөз.

"Халыққа ынтымақтастықтың өзара тиімді формасын ұсынып, кері байланыстың оңтайлы жолдарын реттеу маңызды. Бастамашыл және заңға қайшы әрекеттерге бей-жай қарамайтын азаматтарға арқа сүйеу құқық бұзушылықтарға мүлдем төзбеушілік қағидатының іс жүзінде сақталуына мүмкіндік беретініне сенімдімін", – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram