01 қыркүйек 2022 12:26

Тоқаев тұрмыстық зорлық-зомбылық үшін жазаны күшейтуді тапсырды

Дина Шарипханова Корреспондент
Фото: Tengrinews.kz/Әлихан Сариев

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев тұрмыстық зорлық-зомбылық үшін жазаны күшейтуді тапсырды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев тұрмыстық зорлық-зомбылық үшін жазаны күшейтуді тапсырды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Отбасылық зорлық-зомбылықты қылмыс санатына жатқызу мәселесі қоғамда көптен бері талқыланып жүр. Құқық қорғау органдары бұл ұсыныстың дұрыс екеніне күмәнмен қарайды. Себебі, мұндай тұрмыстық жағдайларды анықтау оңай емес, яғни осындай оқиғаларды тергеп-тексеру қиынға соғады. Бұл сөздің де жаны бар. Бірақ қалай десек те, отбасылық зорлық-зомбылыққа көз жұма қарауға болмайды", - деді Президент.

Мемлекет басшысы отбасында ойран салатындар жазаға тартылмаса, одан бетер басынып кететінін айтты.

Реклама
Реклама

"Жапа шеккендер мүлдем қорғаусыз қалады. Мұндай әрекеттер үшін жазаны күшейтетін кез келді деп санаймын. Зардап шеккен жандар елдің сөзінен немесе біреудің қысым жасауынан қорықпауы қажет", - деді ол.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram