1. Басты
  2. Біл
  3. Жаңалықтар
  4. Ел жаңалықтары

Тоқаев Ұжымдық қауіпсіздік кеңесінің кезектен тыс сессиясына қатысты

Қасым-Жомарт Тоқаев бейнебайланыс арқылы өткен Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымы Ұжымдық қауіпсіздік кеңесінің кезектен тыс сессиясына қатысты,

Фото: Ақорда сайтынан

Қасым-Жомарт Тоқаев бейнебайланыс арқылы өткен Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымы Ұжымдық қауіпсіздік кеңесінің кезектен тыс сессиясына қатысты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақорда сайтына сілтеме жасап.

Мемлекеттер басшылары Ауғанстандағы жағдай және оның Ұйымға мүше мемлекеттердің қауіпсіздігіне тигізер әсері туралы пікір алмасты. Сондай-ақ Орталық Азия аймағындағы сын-қатерлердің алдын алуға бағытталған іс-қимылдарды талқылады.

Қазақстан Президенті өз сөзінде барлық сын-қатерлерді, соның ішінде терроризм мен экстремизмнің таралуы, қару-жарақ пен есірткінің заңсыз саудасының артуы, заңсыз көші-қон, босқындардың жаппай қозғалысы, аймаққа деструктивті элементтердің енуі секілді мәселелерді кешенді түрде қарастыру керек екеніне назар аударды.

Осыған байланысты Қасым-Жомарт Тоқаев ұжымдық қауіпсіздік жүйесін нығайтуға және Ұйымның шұғыл әрекет етуіне бағытталған бірқатар ұсыныс айтты.

Мемлекет басшысы Ауғанстандағы гуманитарлық және азық-түлік дағдарысының алдын алу аса маңызды екенін де айтты.

ҰҚШҰ Ұжымдық қауіпсіздік кеңесінің кезекті сессиясы биыл 16 қыркүйекте Душанбе қаласында өтеді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!