Тоқаев Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымының бас хатшысын қабылдады

Сурет: Ақорда

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымының Бас хатшысы Станислав Засьті қабылдады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап. 

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымының Бас хатшысы Станислав Засьті қабылдады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап. 

Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымының бас хатшысы Мемлекет басшысын ұйымның қазіргі жағдайы мен даму болашағы туралы хабардар етті. Кездесу барысында халықаралық ұйым қызметінің негізгі бағыттары бойынша ауқымды мәселелер қаралды.

Станислав Зась ҰҚШҰ бас хатшысының бітімгершілік мәселелері жөніндегі арнайы өкілі институтын құру туралы Қазақстан Президентінің бастамасын іске асыру бойынша ұйым хатшылығы жүргізіп жатқан жұмыс туралы баяндады.

Реклама
Реклама

Қасым-Жомарт Тоқаев ұйымның алдағы дамуына байланысты бірқатар ұсыныстар айтып, Қазақстан тарапының ҰҚШҰ шеңберінде саяси ынтымақтастықты одан әрі нығайтуға және оның әлеуетін арттыруға дайын екенін атап өтті.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама