07 желтоқсан 2021 | 12:51

Тоқаев Үкіметке кадрлар даярлау жөнінде тапсырма берді

Жансая Қадыржанова Корреспондент
Сурет: elements.envato.com

Қасым-Жомарт Тоқаев "Алтын сапа" және "Парыз" сыйлықтарының иегерлерін салтанатты түрде марапаттау рәсімінде бейнебайланыс режимінде сөз сөйледі, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Қасым-Жомарт Тоқаев "Алтын сапа" және "Парыз" сыйлықтарының иегерлерін салтанатты түрде марапаттау рәсімінде бейнебайланыс режимінде сөз сөйледі, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Президент өз Жолдауында 2025 жылға қарай өңдеу өнеркәсібінің экспортын 1,5 есеге, еңбек өнімділігін 30 пайызға арттыру міндетін жүктегенін еске салды. Оның пікірінше, бұл - аса маңызды мақсат, қол жеткізу үшін барлық мүмкіндік бар және жағдай жасалып жатыр.

Мемлекет басшысы отандық өңдеуші кәсіпорындарды қолжетімді шикізатпен қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін "Өнеркәсіп саясаты туралы" заңның тез арада қабылдануының маңызды екенін атап өтті.

Реклама
Реклама

Сонымен қатар, Президент отандық бизнестің көрші елдердің нарығына шығуы үшін заманауи инфрақұрылымды дамыту қажеттігі жөнінде айтты.

"Қорғас" шекара маңы ынтымақтастығының халықаралық орталығы табысты жұмыс істеп тұр. Сонымен қатар, тағы төрт трансшекаралық хаб: оның екеуін Ресеймен шекарада, Өзбекстанмен және Қырғызстанмен шекарада бір-бірден салу жоспарланып отыр. Бұл транзакциялық шығындарды азайтуға, көлік логистикасының тиімділігін арттыруға және нәтижесінде экспортымызды ұлғайтуға мүмкіндік береді", - деді Президент.

Мемлекет басшысы елімізде өндірілетін тауарлардың бәсекеге қабілеттілігін арттырудың және сапаны бақылаудың заманауи жүйесін енгізудің маңыздылығына назар аударды.

"Кәсіпорындардың бизнес-процестеріне жасалатын диагностика осы саладағы жаһандық үрдістерге сай болуға тиіс. Бұл жерде, ең алдымен, цифрландыру және Индустрия 4.0 элементтерін пайдалану туралы сөз болып отыр. Осыған байланысты "Алтын сапа" байқауының талаптарын сапаны басқарудың еуропалық қорының (EFQM) жаңа моделіне біртіндеп сәйкестендіру керек. Біз үздік халықаралық үлгілер мен тәжірибелерге сай болуымыз қажет", - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Сонымен қатар, Мемлекет басшысы өнеркәсіп саласында білікті мамандардың жетіспейтініне ерекше назар аударды. Бұл - индустрияландыру үдерісін тежейтін факторлардың бірі.

"Өнеркәсіп саласында білікті мамандардың жетіспеуі - индустрияландыру үдерісін тежейтін факторлардың бірі. 2025 жылға қарай 500-ге жуық индустриялық жобаны іске қосуды жоспарлап отырмыз. Үкімет аталған өндіріс орындарында жұмыс істейтін білікті кадрларды осы бастан дайындауы керек. Бүгінде мемлекет жұмыс берушілерге нақты қолдау көрсетіп отыр. Жұмыс орнында оқыту, "Ұрпақтар келісімшарты" және "Алғашқы жұмыс орны" сияқты жас мамандарға қолдау көрсету шаралары іске асырылып жатыр. Мемлекет тарапынан тиісті субсидиялар қарастырылған", - деді Президент.

Мемлекет басшысы Үкімет "Атамекен" ұлттық кәсіпкерлер палатасымен бірлесіп, жұмыспен қамту және қызметкерлердің біліктілігін арттыруды ынталандыруға бағытталған қосымша шараларды пысықтауы қажет екенін атап өтті.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная