14 шілде 2022 | 13:42

Тоқаев Үкіметке Ресей нарығынан кеткен компанияларға қатысты тапсырма берді

Сұлу Бөлек Корреспондент
Фото:elements.envato.com

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Үкіметке Ресей нарығынан кеткен шетел компанияларының Қазақстанға келуі үшін қолайлы жағдай жасауды тапсырды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Үкіметке Ресей нарығынан кеткен шетел компанияларының Қазақстанға келуі үшін қолайлы жағдай жасауды тапсырды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Мемлекет басшысының айтуынша, Қазақстан инвестициялық капитал үшін жаһандық күрестің куәсі болып отыр.

"1 400-ге жуық ірі шетел компаниясының әрбір екіншісі қызметін тоқтатты немесе Ресей нарығынан толық кетті. Үкімет олардың Қазақстанға келуі үшін қолайлы жағдай жасауы керек. Бұл бізге орта және жоғарғы шекті тауарлар өндірісін арттыру үшін жақсы мүмкіндік береді", - деді Президент Үкіметтің кеңейтілген отырысында.

Реклама
Реклама

Қасым-Жомарт Тоқаев Үкіметке өңдеу өнеркәсібі саласындағы инвестициялық жобалар бірлестігін дайындау және оны әлеуетті инвесторлармен пысықтау жөніндегі тапсырмасын еске салды.

"Бұл жұмыс әлі де кездесулер мен кеңесулер түрінде жүріп жатыр. Әлі нәтижесін айтып, мақтануға ерте. Жаңа жобалар жоқ. Тағы да атап өткім келетіні - жобалар, ең алдымен, өңірлерде, жергілікті жерлерде іске асырылып жатыр. Түпкілікті нәтижеге жеткізу үшін әкімдерден сұраныс министрліктермен бірдей болады", - деді Президент.

"Тинькофф банк", InDriver және Playrix. Қазақстанға қандай IT-компаниялар көшіп келді?

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная