Тоқаев Украина төңірегіндегі жағдайды жіті бақылап отыр - баспасөз хатшысы

Дина Шарипханова Корреспондент
Фото: akorda.kz

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Украина төңірегіндегі жағдайды жіті бақылап отыр. Бұл туралы Мемлекет басшысының баспасөз хатшысы Берік Уәли айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Украина төңірегіндегі жағдайды жіті бақылап отыр. Бұл туралы Мемлекет басшысының баспасөз хатшысы Берік Уәли айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Әрине, Президент Украина төңірегіндегі жағдайды жіті бақылап отыр. Бұл мәселе Владимир Путинмен өткен кездесуде талқыланды. Мемлекет басшысы келіссөз қорытындысы бойынша "жақсы жанжалдан, жаман болса да бітім артық" екенін айтты. Басқаша айтқанда, ымыраға келу үшін нәтижелі дипломатиялық келіссөздердің жалғасқанын жақтайды. Президенттің айтуынша, еуразиялық қауіпсіздіктің бөлінбеушілік қағидатын ұстанған жөн, оның үстіне бұл қағидат 2010 жылы қабылданған ЕҚЫҰ-ның Астана декларациясы мәтініне де енгізілген", - деді Берік Уәли Tengrinews.kz тілшісінің сұрағына жауап беріп.

Еске салайық, 10-11 ақпанда Қазақстан Президенті Мәскеу мен Қазан қалаларына жұмыс сапарымен барды. Кремльде Қасым-Жомарт Тоқаев Владимир Путинмен келіссөз жүргізді.

Реклама
Реклама

Екі ел өкілдері цифрландыру, ғарыш қызметін дамыту, ғарыш саласындағы кадрларды даярлау салаларындағы ынтымақтастық туралы 11 құжатқа қол қойды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Автор сұрағы
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама