Тоқаев Ұлттық банк жұмысы туралы айтты

Фото ©️ Tengrinews.kz / Турар Казангапов Фото ©️ Tengrinews.kz / Турар Казангапов

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан Ұлттық банкінің жұмысы туралы пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан Ұлттық банкінің жұмысы туралы пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Үкіметтің кеңейтілген отырысында Ұлттық банк төрағасы Тимур Сүлейменовтің баяндамасынан кейін Тоқаев реттеуші органның жұмысы ағымдағы режимде жүргізіліп жатқанын атап өтті, "дегенмен, әрине, сұрақтар бар". Ең алдымен, халықты ұлттық валютаның құбылмалылығы алаңдатады.

"Сарапшылар америкалық доллардың нығаюына байланысты теңге бағамына қысым түседі деп болжап отыр. Жалпы, валютаның тұрақтылығын қамтамасыз ету, инфляцияны тежеу – бұл аса маңызды жұмыс. Тіпті, қазір бұл Үкіметпен тығыз ынтымақтастықта атқарылуы тиіс негізгі жұмыс деуге болады. Бұрынғы тәуелсізбіз, өз бетімізше әрекет етеміз деген ұстанымдар қазіргі жағдайда өзектілігін жоғалтты, себебі жағдай ерекше. Бұл туралы кейінірек пікірімді білдіремін", – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Реклама
Реклама

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news135
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная