02 сәуір 2021 13:07

Тоқаев Ұлттық банк төрағасын қабылдады

Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық банк төрағасы Ерболат Досаевты қабылдады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап. 

ПОДЕЛИТЬСЯ

Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық банк төрағасы Ерболат Досаевты қабылдады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап. 

Мемлекет басшысына биылғы жылдың І тоқсанындағы ақша-кредит саясатын іске асырудың алдын ала қорытындысы туралы баяндалды. Ұлттық банк төрағасы әлемдік экономиканы қалпына келтіру барысында ықтимал негізгі сын-қатерлер жайында айтты.

Президентке еліміздің 2020 жылға арналған төлем балансы, жалпы халықаралық резервтерінің жағдайы, алтын қорын хеджирлеу тәсілдері жөнінде мәлімет берілді.

Реклама
Реклама

Ерболат Досаев Мемлекет басшысының Қазақстан азаматтарының зейнетақы жинақтарын мерзімінен бұрын пайдалану және Ұлттық төлем жүйесін құру тапсырмаларының орындалу барысы туралы баяндап, тұрғын үй саясатын реформалауға қатысты ұсыныстарын жеткізді.

Кездесу соңында Мемлекет басшысы Ұлттық банк төрағасына бірқатар нақты тапсырма берді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram