Тоқаев Ұлттық банк төрағасына тапсырма берді

Дина Шарипханова Корреспондент
Фото: Ақорда

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық банк төрағасы Ғалымжан Пірматовты қабылдады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық банк төрағасы Ғалымжан Пірматовты қабылдады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.

Мемлекет басшысына Ұлттық банктің биылғы қаңтар-маусым айларында жүзеге асырылған ақша-кредит саясатының алдын ала қорытындылары туралы есеп берілді.

Ұлттық банк төрағасы Президентке инфляцияға қатысты болжамдар, тұтыну бағаларын тұрақтандыруға бағытталған шаралар, еліміздің халықаралық резервтерінің қазіргі жай-күйі туралы айтты.

Реклама
Реклама

Кездесу соңында Мемлекет басшысы инфляцияны тежеу жұмыстарын күшейтуді және ақша-кредит саясатының тиімділігін арттыруды тапсырды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Автор сұрағы
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама