Тоқаев ұлттық экономика министрін қабылдады

Фото:akorda.kz

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыровты қабылдады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап. 

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыровты қабылдады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап. 

Қасым-Жомарт Тоқаевқа министрліктің биылғы атқаратын негізгі міндеттері, сондай-ақ пандемиядан кейінгі кезеңдегі экономиканы дамытуға көшу шаралары жөнінде және оның сыртқы сын-тегеуріндерге төтеп беруіне қатысты ақпарат берілді.

Әлібек Қуантыров Президент тапсырмаларының орындалу барысы жөнінде баяндады. Атап айтқанда, Халықтың табысын арттыру бағдарламасы мен Инфляцияны бақылау және төмендету жөніндегі кешенді шаралардың жүзеге асырылуы туралы сөз болды.

Реклама
Реклама

Мемлекет басшысы Қазақстан халқына Жолдауы аясында еліміздің әкімшілік-аумақтық құрылымын өзгерту жөнінде нақты міндет жүктеді. Қазіргі уақытта комиссия жасақталып, жаңа облыстарды құру жұмыстарының алгоритмі әзірленді.

Кездесу қорытындысы бойынша Қасым-Жомарт Тоқаев макроэкономикалық тұрақтылықты қамтамасыз ету, экономиканы әртараптандыру және жаңа жұмыс орындарын ашу, экономикадағы мемлекеттің үлесін азайту, сондай-ақ тұрғындар мен кәсіпкерлерге қолдау көрсету жөнінде бірқатар тапсырма берді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news135
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная