12 маусым 2019 | 18:51

Тоқаев Ұлттық қоғамдық сенім кеңесін құру туралы қаулыға қол қойды

© akorda.kz

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Ұлттық қоғамдық сенім кеңесін құру туралы қаулыға қол қойды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақорда сайтына сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Ұлттық қоғамдық сенім кеңесін құру туралы қаулыға қол қойды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақорда сайтына сілтеме жасап.

"Қазақстан Республикасы Конституциясының 44-бабы 20-тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Ұлттық қоғамдық сенім кеңесі құруды қаулы етемін", - делінген хабарламада. 

Реклама
Реклама

Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі бір айлық мерзімде саяси партиялар, үкіметтік емес ұйымдар көшбасшыларымен, азаматтық сектор өкілдерімен Кеңесті қалыптастыру және оның жұмыс тәртібі мәселелері бойынша консультациялар өткізуді тапсырамын. Өткізілген консультациялар қорытындылары бойынша Қазақстан Республикасы Президентінің қарауына Кеңестің құрамы мен Кеңес туралы ережені енгізіледі. 

Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енеді.


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная