19 қазан 2022 | 12:10

Тоқаев: Ұлттық саябақтар мен қорықтарды заңсыз жекешелендіруге жол берілмейді

Дина Шарипханова Корреспондент
Фото: Tengrinews.kz/Әлихан Сариев

Қасым-Жомарт Тоқаев Алматы облысы жұртшылығымен кездесу барысында ұлттық саябақтар мен қорықтарды заңсыз жекешелендіруге жол беруге болмайтынын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Қасым-Жомарт Тоқаев Алматы облысы жұртшылығымен кездесу барысында ұлттық саябақтар мен қорықтарды заңсыз жекешелендіруге жол беруге болмайтынын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Тоқаевтың айтуынша, Алматы облысы еліміздегі туризм индустриясының флагманы саналады, оның басты бәсекелестік артықшылығы – өңірдің бай табиғаты.

"Ұлттық байлық - әсем сай-сала мен шатқалдарды, жағалаулар мен суқоймаларын, ұлттық саябақтар мен қорықтарды заңсыз жекешелендіріп алуға жол беруге болмайды. Үкімет пен әкімдік мұндай фактілерге баса назар аударуы қажет", - деді Мемлекет басшысы.

Реклама
Реклама

Мемлекет басшысының айтуынша, Іле Алатауы өзінің бірегей жабайы өсімдіктері мен жануарларымен танымал және халықаралық туристерді тарту үшін қуатты магнит бола алады.

"Халықаралық ұйымдармен бірлесе отырып, тауларымызда еліміздің киелі символы - қар барысының санын көбейтуге күш саламыз. Іле-Балқаш табиғи резерватында жолбарыстарды реинтродукциялаудың бірегей жобасы іске қосылды. Былтырғы қорытынды бойынша Қазақстанның ұлттық парктеріне келушілер саны 1,5 миллионға жеткені қуантады – бұл рекорд көрсеткіш", - деді Мемлекет басшысы.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная